📌Күн тәртібіне сәйкес, келесі мәселелер қарастырылды:
📍2026 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары қызметінің нәтижелері;
📍Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарының қорытындысы;
📍Саран қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына жүргізілген мониторинг нәтижелері;
📍«Қарағанды Су» ЖШС комплаенс-офицерінің квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу және ішкі бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру бойынша атқарған жұмыстары.
📍Отырыс барысында ұсынылған баяндамалар талқыланып, мемлекеттік қызмет саласында заңнаманы сақтау, әдеп нормаларын нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.