Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында Мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің басым қағидаты ретінде «Ең алдымен адамдар» қағидаты бекітілген.
Бұл ретте, МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» атты курс өтті.
Аталған курс мемлекеттік қызметтер көрсететін немесе көрсетуге қатысатын қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, оның ішінде салалық ерекшеліктерді, ақпараттық жүйелерді пайдалану ерекшеліктерін және көрсетілетін қызметті алушылармен өзара іс-қимылды реттеуге бағытталған.
Курс тыңдаушыларының қатарына облыстың жергілікті атқарушы органдары мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері кірді.
Тыңдаушылармен мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.